Еліміздегі мемлекеттік құпия құжатпен таныс болғандарға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынбақ

0

Мемлекеттік құпия құжаттарымен таныс адамдарға енді шетелге рұқсатсыз шығуға болмайды. Әйтпесе жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңға толықтыру енгізуді ұсынды. Бұл құжат түрлі қызметте істеп кеткен тұлғалардың мемлекеттік құнды мәліметтерді жарияламауына мүмкіндік береді дейді. Қазіргі 504-бапқа сәйкес, жауапкершілік тек қазір мемлекеттік құпиялармен жұмыс істейтін адамдарға қатысты қолданылады. Ал маңызды ақпараттар сыртқа таралмауы үшін заңға өзгеріс енгізіп, бұрын да істеп кеткендерді қадағалау маңызды дейді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті құпия ақпараттың техникалық қорғалу саласындағы заңбұзушылықтар үшін де жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастырып жатыр.