Президент Алматы облысы полициясының жаңа басшысына тапсырма берді

0

Қасым-Жомарт Тоқаев күш құрылымдарының жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларын қабылдады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасының орынбасары Қанатай Далматовпен, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленовпен және Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевпен кездесті.

«Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиісті ведомстволар қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырмалар берді», — делінген Ақорданың хабарламасында.