Туған қызын зорлаған Павлодарлық азамат өз көзін ойып алды
Туған қызын зорлаған Павлодарлық азамат өз көзін ойып алды.
«Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлау және күш қолдану фактісі бойынша А.қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 120 — бабының 3-2-бөлігінің 3) тармағы, 121-бабының 3-2-бөлігінің 3) тармағы)», — деп хабарлады Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жұма күні.
Іс жабық сот отырысында қаралды. Айыпталушы А. кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкініш білдірді.
Адвокат соттан оның ауруына байланысты жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы мәселені шешуді сұрады. Тергеу изоляторында А.өзіне зиян келтіріп, оң көзін жұлып алғаны белгілі.
Істің мән-жайын және А. — ның жеке басын ескере отырып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
фото: perm.aif.ru