Жылу маусымының сергелдеңі: Президент бірнеше әкімге қатаң сөгіс жариялады

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады.
Бұл туралы Президенттің кеңесші – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жылу беру маусымына дайындық барысын тиісінше бақыламағаны үшін сөгіс жариялады», — деп жазды Берік Уәли

Бүгін аппараттық жиналыста Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланды.