“Жаназа — қазақтардың екіжүзділігінің көрінісі” — желідегі видео талқыға түсті

0

TikTok желісінде жас қыздың қазақтардың жаназадағы әрекетін сынға алды. Оның айтуынша, бұл — нағыз екіжүзділіктің көрініс табатын жері.

Өмірімде көрген ең қорқынышты дүние – қазақтардың жаназасы. Жақыныңнан айырылып, жаның ауырып, еңсең түскен сәтте үйге 7 күн бойы қонақтар келеді. Кейін тіпті бұл 40 күнге жалғасады. Біреулер бір бөлмеде күліп-ойнап, ас әзірлеумен айналысады. Ал басқа бөлмеде әйелдер апта бойы бар дауыстарымен айқайлап, өтірік жылайды. Сен бұл адамдардың алдында жылай алмай, жалғыз қалғың келеді. Марқұмды шығарып салатын күні бір бұрышта жылап тұрсаң, саған “бар дауысыңмен айғайла” деген талап қояды. Себебі солай жылау керек екен. Және сенің ішкі жағдайың ешкімді қызықтырмайды. Барлығы марқұм туралы өсек әңгімелер айтып, бар дауысыңмен айғайлап жыламағаның үшін саған көздерінің қиығымен қарайды. Мұның барлығы – адамдардың бойындағы екіжүзділіктің нағыз көрінісі, – деді желі қолданушысы.