Енді мемлекеттік қызметшілер сыйақы алмайды

0

Алдағы уақытта мемлекеттік органдар үнемделген қаржыны қызметкерлерге сыйақы ретінде аудара алмайды.

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты.

«Қаржы министрлігі сыйақы аударуға тыйым салды. Егер мемлекеттік орган ақша үнемдеген болса, оны сыйақыға аудара алмайды. Ол ақшалар бюджетке қайтарылады», — деді ол.