Алматыда 18 жастағы сарбаздың өліміне кінәлі деп танылған лейтенантқа сот үкімі шықты
Алматыда мамыр айында әскерде жүріп қайтыс болған 18 жастағы сарбаз Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты сот аяқталып, кінәлі адамға үкім шықты. Айыпталушы боп танылған Жанбота Шәкіров «Билiктi асыра пайдалану» бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ 29 қазанда өткен Алматы гарнизоны әскери соты Жанбота Шәкіровті лейтенант атағынан айыра отырып, жәбірленуші отбасыға 10 миллион теңге моральдық шығын төлеуге талап қойды.
Еске сала кетейік, марқұм сарбаз әскерге барған соң бүйрегі, өкпесінің ауырып жүргеніне шағымданып, аурухана түсіп, көз жұмған еді.
фото: depositphoto