Гүлмира Әбіқай балабақшада беташар ұйымдастырған тәрбиешілерге ашуланды

0

Журналист Гүлмира Әбіқай өзінің желідегі парақшасында балабақшада беташар жасаған тәрбиешілердің видеосын жариялап, балабақша мен әдіскерге іздеу салды.

МЫНАУ НЕ? Бақшаға үлгі болар салт-дәстүрдің бәрі бітіп, енді келін түсіру ғана қалып па еді? Меніңше, дұрыс емес! Өздері әлі ана сүті аузынан кеппеген бөбектерге осы қажет пе? Қай бақша, қай әдіскер мұны ұйымдастырып жүрген????, — деп жазды журналист.

Желі қолданушылары да балабақшада беташар жасап, кішкентай қызды келін болуға үйреткен тәрбиеші мен балабақша басшылығына ашуланды.