Қазақстанда блогерлер қанша салық төлейді?
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 745 блогер тіркелген, олар 1,2 миллиард теңгеден астам салық төлейді.
«Қазақстан Республикасының «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заңының ережелеріне сәйкес инфлюенсер (блогер) – онлайн-платформада басқа да тұлғаларға ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы. Бүгінгі таңда Республика бойынша 745 блогер (тізім әлеуметтік желілерде – Instagram, Youtube, TikTok-та 20 мыңнан астам жазылушысы бар жеке тұлғалардан құрылған) бар. Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің, оның ішінде жарнама беруден немесе ақпараттық өнімдерді жылжытудан түсетін табыстарға салық салынады», — деп атап өтеді комитеттен Nege.kz агенттігінің ресми сауалына.