Республика күні ерсі әрекетімен полиция полковнигі желіні шулатты

0

Республика күнін тойлаған Қостанай облысы полиция департаментінің кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы Болат Ибрашевтің Республика әрекеті видеоға түсіп қалды. Ол мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған көрінеді.

Полиция подполковнигінің бұл ерсі әрекетін «Понаехали» дәмханасының қонақтары видеоға түсіріп алыпты. Видеода тәртіп сақшысын күшпен ғимараттан шығарып жатқанын аңғаруға болады.

Була, мен саған өмір бумеранг деп айттым ғой, – деп жазды желі қолданушылардың бірі.

Видеоға қатысты Қостанай облысының полиция департаменті де пікір білдірді.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалып, оның аясында қызметкердің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ қызметкердің де, басшылықтың да кінәсінің деңгейі анықталады, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.