«Енем ортамызға жатып алатын»: Сиви Махмуди алғаш рет экс жолдасына қатысты құпияны жайып салды
Танымал әнші Сиви Махмуди іздеуде жүрген күйеуінің қандай адам болғанын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, күйеуінің немен айналысатынын баяндады.
“Осы күнге дейін балаларымның әкесін жамандаған емеспін. Ол туралы жағымсыз әңгімелер шығып жатыр. Көп адам экс күйеуімнің немен айналысатынын білгісі келеді. Біз үйленген жылдары жұмыс істейтін. Одан кейін екі-үш жылдан кейін істемей қойды. Таңертеңнен кешке дейін үйде, ұйықтай беретін. Мен де тырнай беретін, миын ашытатын әйелдердің қатарынан емеспін. Өзім жұмыс істеп, өнерден табыс тауып, балаларымды асырадым. Іздестіріліп жатқан себебі алаяқтық деп жатыр. Біз ажырасып кеткеннен кейін маған бірнеше адам осы мәселе бойынша жиі қоңырау шалатын. Міне, соңы осылай аяқталды”, – деді Сиви.
Әншінің сөзінше, бұрынғы күйеуі ажырасқаннан кейін де қорқытып жүрген көрінеді.
“Қазір Алматы мен Шымкенттің ортасында жүрмін. Шымкентке қоныс аударғаныма дым. Алғаш келгенде қатты қиналған жоқпын. Өйткені кішкентайымнан Шымкентке жиі келуші едім. Анамның туыстары осы қалада тұрады. Одан кейін қоныс аударуымның басты себебі – экс жолдасым артымнан қалмады. Бір жаққа барсаң, аяқ-қолыңды сындырамын» дейтін. Не өзі бақытты қыла алмайды, не біреуге бергісі келмейді. Жалпы ол кісі ажырасудан қорықпады. Әкесі бес жасында қайтыс болған. Анасы болды. Енем баласын қатты қызғанды. Тіпті, ортамызға келіп жатып алатын. Келін болып түскен күні: “Егер сезімдерің 2-3 жылдан кейін суып жатса, ажырасыңдар” деді. Мен сол сөзіне қатты таңғалатынмын. Осы күнге дейін экс енем де, жолдасым да балаларын сұраған емес, – деді әнші.
Еске салайық, Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланғанын жазған едік.