«Ешкімге ғашық емеспін»: Мақпал Жүнісова «күйеуге шықты» дегендерге жауап берді

0

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова өзіне қатысты жалған ақпарат таратқандарға ашуланды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ешқандай тұрмыс құрмағанын жеткізді.

“ТикТокта аузы қышып отырған қыздар мен жігіттер, сендер кімсіңдер? Мені «Күйеуге шықты» деп ойбай салып жатыр екенсіңдер. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймыз деп бізді қалай болса солай ойыншық қылдыңдар ғой. Ойларыңа келгенді саласыңдар. Бүйте беретін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарамын. Адам жалдап, соттасамын», – деді әнші.

Сондай-ақ эстрада жұлдызы жүрегінің бос екенін айтып, оқырман қауыммен сырласты.

“Ешкімге ренжігім келмейді. Бірақ сөздері сүйектен өтеді. Жанымды жаралайды. Бүгінде ешкімге ғашық емеспін. Жаңалықтың бәрі жалған”, – деп жауап жазды халық әртісі.

Еске салайық, Мақпал Жүнісова кішкентай көрерменіне риза болып, бриллиант сақинасын сыйлап жіберген еді.