Саша Барон тағы Борат кейпінде сұхбат беріп, қазақстандықтарды ашуландырды

0

Саша Барон Коэн шетелдік журналист Джимми Фэллонның шоуына Борат кейпінде келіп, қазақстандықтарды тағы ашуландырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коэн Борат образына кіріп, Қазақстанда KFC тауық етінен емес, мысықтан жасалады деп әзілдеді. Ол анайы әзілдер айтты.

Сонымен қатар ол АҚШ вице-президенті Камала Харриске “ол еврейге тұрмысқа шыққан қара нәсілді әйел” болғандықтан, Қазақстанға келмеуі керек деді. Сөзінше, бұл елде қиындықтар тудыруы мүмкін.

Қазақстандықтар мұндай әзілдерді орынсыз және өз елін қорлау деп санады.

Борат – бұрыннан даулы тұлға. 2006 жылы фильм шыққаннан бастап шетелдіктердің Қазақстан туралы ойын өзгертті. Қазақстандықтар бұған өз наразылықтарын бірнеше рет білдірді.