Зеленский БҰҰ Бас хатшысын Украинаға келгізбеді

0

Францияның AFP ақпарат агенттігі мен «РБК-Украинаның» хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский  БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің БРИКС саммитіне қатысуына байланысты оның Киевке келуін құп көрмей, қабылдамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы AFP агенттігі жұма, 25 қазанда мемлекет басшысына жақын жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Ақпаратты “РБК-Украина агенттігінің” президент кеңсесіндегі дереккөздері растады.

«Қазаннан кейін (Гутерриш — ред.) Украинаға келгісі келді. Бірақ президент оның сапарын мақұлдамады. Сондықтан Гутерриш, атап айтқанда, Қазандағы парасаттылық пен халықаралық құқықты қорлағаны үшін мұнда келмейді», деп, дереккөз иесі AFP-ға жеткізген.

Ал Гутерриш Қазанда өткен саммитте Украинаны «әділ бейбітшілікке» шақырды.

«Біз үшін Украинада бейбітшілік орнағаны керек. Әділ бейбітшілік – БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқыққа және әлемдік ұйымның Бас Ассамблеясының қарарына сай келеді», — деді Гутерриш.

Оның айтуынша, «барлық мемлекеттердің егемендігі, аумақтық тұтастығы және саяси тәуелсіздігі қағидаттарын» құрметтеу қажет.