Шешесіне орамал тарт, намаз оқы деді: Уәлибек Әбдірайымұлы ұлының дінге бет бұра өзгергенін айтты
«Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов өз ұлы туралы шындықты айтты деп жазды Alash.kz
«Менің балам 9 сыныптарда намаз оқып кетті де үйде көп нәрселерге тыйым сала бастады. Сосын мен оған ұрыстым. «Сен неге шешеңе қарап орамал тарт, намаз оқы, ананы үйт, мынаны бүйт»деп сөйлейсің» дедім. «Сіздердікі дұрыс емес» деп маған да айта бастады. Бір күні кешке шығып бара жатқанда «ұстаз шақырып жатыр» деді. Барғысы келіп жылайын деп тұр. «Ұстазыңа сәлем айтып бар. Ертең әкем жібермей қойды деп айт. Егер тыңдама десе ұстазыңмен жеке сөйлесем. Сен маған намаз оқы деп айтуға құқың жоқ. Сенің сөзің маған бұйрық емес. Менің сөзім саған бұйрық» деп едім, кейін тынышталып кетті» ,- деді Уәлибек Әбдірайымов Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында.
t.me/newsnurkz