Антикор әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жариялады
Белгілі әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жарияланды.
Бұл туралы Kznews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
МӘН-ЖАЙЫ
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген.
Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді, — делінген хабарламада.
Ансар Қажымұханұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде тұрған. 2021 жылы ажырасып кеткен.
СИВИ МАХМУДИ
Қазақстандық танымал әнші, актриса және продюсер. Азан шақырып қойылған есімі – Сивиэтта.
1987 жылы 15 қарашада Шымкент қаласында туған.
Отбасымызда бес бала болдық, қазір үшеуміз. Өкінішке орай, Шолпан және Қайрат деген бауырларымыз қайтыс болып кетті. Үлкендердің кеңесі бойынша, біздің есімдерімізді ырымдап, басқа тілде қойыпты. Үшеуміздің есіміміз де француз тілінде: Мартин, Марсель, Сивиетта. «Сивиетта» – француз тілінен аударғанда «бақыт» деген мағынаны білдіреді, – деген ол сұхбаттарының бәрінде.
Ал әншінің әкесі – белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Махмұд Нәлібаев. Бүгінде республикалық “Қазақ” газетінің құрылтайшысы.
фото: Ulysmedia.kz