«Біреуі қолында, біреуі – арбада»: Арбатта ән айтып, ақша сұраған әйел елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
Көпшілік әйел адамға ақшалай көмек көрсетіп жатыр
Алматының Арбатында екі баласын құшақтап, ән айтып тұрған әйел әлеуметтік желідегі жұрттың жүрегін елжіретті. Оның видеосы әлеуметтік желіде 1,2 миллион қаралым жинаған, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Видеоның астына пікір қалдырғандар әйелге қол ұшын созып, көмек көрсетсек деген тілектерін жазған. Жас ананың өзі Шымкенттен екені, бірақ қазір Алматыда тұратыны хабарланып отыр.
«Балаңа қарап берейін, жұмысқа шық. Бәрібір немерелерімді бағып отырмын, қанша уақыт керек болса, сонша қарай аламын. Көмегім болсын. Күйеуі қайда, жауапты еркегі қайда? Картасына ақша жіберейік. Жақсы өмірден былай ән айтпайды ғой, дауысы жақсы екен. Көзіме жас келді ғой, ана деген-осы. Қиындықтың бәріне төзетін – әйел заты», — деп жазған видеоны көрген адамдар.