«Мен үшін олар арамшөп»: Алматылық қыз TikTok-та ресейліктерді балағаттағаны үшін 2 жылға сотталды

0

Алматыда TikTok-та өзге ұлт өкілдерін балағаттап, Гитлерді мақтаған қыз Марал Жалелова екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Kozachkov Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, Алматы тұрғыны ресейліктерді балағаттағаны үшін қамауға алынғанын жазғанбыз.

Желіде тараған видеода бірнеше адамның тікелей эфирде отырғанын байқауға болады. Эфир барысында Марал Жалелова есімді қолданушы орыстар туралы жағымсыз пікір білдірген. Ол “Орыстар Қазақстаннан кетсе, өмір сүру оңай болатынын” айтқан.

«Мені отырғызғыларың келсе, отырғыза беріңдер. Мен заңды бұзып жатқан жоқпын. Кетсе, өмір қаншалықты жеңілдейтіні белгілі. Мен үшін олар – арамшөп. Менің ешнәрсем жоқ. Мен Гитлер жақсы десем, саған ұнай ма», – деді Марал Жалелова есімді қолданушы желіде тараған видеода.