Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

0

Полицейлер кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдіктіні ұстады.

Алматы облыстық полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, қылмыстық істі тергеу аясында К. есімді тағы бір күдікті ұсталған.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

фото: ашықдереккөз