Жанар Айжанова Хасанмен түскен суретіне қатысты пікір білдірді
Әнші Жанар Айжанова әлеуметтік желідегі парақшасында ел аузында жүрген Хасанмен түскен суретіне қатысты пікір білдірді.
«Осы бір Хасан деген бәле болды. Онымен суретке қай жылы түскенімді білмеймін. Арқамнан келіп түскен суретке қатысты адамдарға не деп жауап беремін. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін. Түссе анау, түспесе «көкірек» деп тағы айтасыңдар. Үш қайнаса сорпам қосылмайтын Хасанның маған не қатысы бар? Сендер айтқаннан кейін ғана біліп жатырмын. Суретті қарасам томпиған бала артымда тұр. Бірақ қашан және қайда екенін құдай біледі» — деді ол видеода.