Оралдағы мектеп 75 мұғалімнен 40 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алмақ болды
Орал қаласының Серебряковка жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігі сотқа 75 педагогтан артық төленген 42 млн теңгені өндіріп алу туралы талап арыз жолдады, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Сот ісін негіздеу үшін оқу орны мемлекеттік аудиттің қорытындысын шығарды. Оның айтуынша, мектеп негізсіз 42 млн теңге жалақы төлеген. Бұл ретте білім беру мекемесінің 2021 және 2022 жылдары 75 мұғалім алдында берешегі бар. Мектеп бухгалтері кінәлі деп танылып, жазасын алды.
Соған қарамастан, мектеп әкімшілігі сотта мұғалімдердің заңсыз әрекеттер жасағанын дәлелдей алмады.
«Сот талапты қанағаттандырусыз қалдырды. Еңбек және азаматтық заңнама нормаларында қызметкерлердің жұмысына жосықсыз қарау немесе бухгалтерлік қателік болмаған жағдайда соманы өндіріп алуға негіз жоқ», — делінген хабарламада.
Апелляциялық алқа мектеп өкілінің шағымын қанағаттандырусыз қалдырды, ал сот шешімі өзгеріссіз қалды.
фото: ашықдереккөз