“Келін күтіп жүрміз“. Әнші Cәкен Майғазиев қуанышымен бөлісті

0

«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев зәулім үйіне әріптес достарын шақырып, қоныстой тойлады. Қуанышымен әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Бәріңізге жұғысты болып, осындай зәулім үйде тұру бұйырсын. Мынау Әділеттің бөлмесі. Әдейі тау жаққа қаратып, үлкен терезе орнаттық. Болашақта келін осы тауға қарап оянсын деген ниет бар. Келін күтіп жүрміз», — деді ол.