«Ешкімнің шегарасына кірмесін»: Баян Мақсатқызы сотта жеңілген журналистің кешірім сұрауын талап етті
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы сотта екі рет жеңіліп қалған журналистің кешірім сұрағанын күтіп жүргенін айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Дана Орманбаевамен екі рет соттасқан еді.
«Кейбір адамдар үшін әлеуметтік желі ақпаратпен ойнайтын алаңға айналған. Сондықтан мұндай нәрселердің болуы қалыпты жағдай. Мен үшін соттасу, адвокат жалдау – уақытымды шығындайтын артық дүниелер. Ешкімнің шекарасына кірмесін. Ал сотта жеңіліп қалған адам менен кешірім сұрайды деп күтемін», – деді подюсер.
Еске салайық, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында жабық сот отырысы өтті. Мұнда сот продюсерге тіл тигізгені үшін Дана Орманбаеваға айыппұл салды.
“Сот отырысында телекоммуникация желілерін пайдалана отырып қорлау (ҚК 131-бабының 2-бөлігі) бойынша айыпталушы Орманбаеваға қатысты қылмыстық ісі қаралды. 2024 жылдың 3 мен 6 сәуірі аралығында жазылушылары көп журналист-блогер Орманбаева өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында продюсер Алагөзоваға қарсы сөздер айтқан. Осыған байланысты жәбірленуші Алагөзова жеке айыптау ретінде сотқа шағым түсірген еді.