Түркиядағы жер сілкінісі тікелей эфирге түсіп қалған (Видео)
Түркияның шығысында 5,9 баллдық жер сілкінісі болды. Апатты тікелей эфирдегі жаңалықтардан байқауға болады.
Тікелей эфирдегі жүргізушілердің бірі студияда қалып, жаңалықты жалғастырса, екіншісі дәл кадрда үстелдің астына тығылған.
Жер сілкіністерінің эпицентрі Малатия қаласында болды, онда үш ғимарат құлады, бірақ Эрзинджан мен Тунгели тұрғындары да дүмпулерді сезген.
Қаза тапқандар туралы әлі ақпарат жоқ.