Онлайн-казино ойнайтын қазақстандықтарға несие беру шектеледі

0

Құмар ойындарға тартылған ойыншыларға борыштық жүктеме коэффициенті қатаңдатылды, деп хабарлады ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.

«Қарапайым қарыз алушылар үшін КДН 50% құрайды, яғни несие бойынша ай сайынғы төлем сіздің табысыңыздың 50% -нан аспауы тиіс. Интернет-казино пайдасына төлем жасайтын қарыз алушылардың санатына қатысты біз 25% мөлшерінде КДН жасадық, яғни мұндай тұлғалардың банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кредиттер алу мүмкіндігін айтарлықтай қатаңдаттық», – деді Олжас Қизатов.

Ол ойыншылардың банктердің ақпараттық жүйелері арқылы анықталатынын айтты.