“Бишімбаевтың бұл қылмысына мен жалғыз куәгермін” — Алаяқтық жасады деп айыпталған адам сотта күтпеген мәлімдеме жасады

0

Елордалық сот Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге алды деп айыпталған Астана тұрғынына қатысты істі қарады.

Осы жылдың маусым айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бишімбаевтың туыстарының арызы бойынша азаматқа қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды. Қорғаушының айтуынша, күдікті оған ақша беру кезінде ұсталған.

Сот отырысы барысында сотталушы Людмила Грачевадан жауап алынды. Ол Бишімбаевтың отбасымен бұрыннан таныс екенін, өйткені олармен бір қалада – Қызылордада тұрып, Қуандық Бишімбаевпен бірге оқығанын айтты. Әйелдің айтуынша, Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша сот процесі кезінде ол 1995 жылы экс-министр жасаған қылмысты ашу үшін Бишімбаевтармен қайта байланысуға шешім қабылдаған.

«Олар (Бишімбаев және сотталушының курстасы. — Автор.) менімен кездесуге келе жатқанда Қуандық Бишімбаев бес жасар жас баланы қағып кетті. Мен 2024 жылғы 9 мамырда олардың үйіне баруымның себебін айтайын. Мен бұл істің жалғыз куәгерімін. Сіздерге, Қазақстан азаматтарына, бұл қылмысты олардың ұлы жасағанын мәлімдеу үшін осы үйге саналы түрде бардым», — деді Грачева.

Аударма: informburo.kz

фото: sputnik/Болат Шайхинов