Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту

0

Курстық жұмыс

Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … .3

І Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін халық ауыз әдебиеті арқылы
дамытудың теориялық негіздері

1.1 Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің
мәні … … … … … … … … … … … …5
1.2 Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің
түрлері … … … … … … … … … … …11

ІІ Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін халық ауыз әдебиеті арқылы
дамытудың әдіснамалық негіздері

2.1 Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
дамытып,қалыптастырудың
әдістері … … … … … … … … … … … … … … … … … .1
4
2.2 Ертегілер және олардың бала тілін дамытып, қалыптастырудың
әдістері … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … .22

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … … … … …26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … . … … … … … … … …27

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Халықтық шығармалар – ұлттық өзіндік сананы
қалыптастырудың  негізі.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің баланың ой-өрісін, тілін 
дамытудағы маңызы мен тәрбиелік  мәні халықтық ой саралау, сөз саптау
ерекшелігіне талпындырып, ізгілік қасиеттерін бойына сіңірудің қайнар көзі
екендігінен танылады.
Қазіргі білім берудегі гуманитарландыру, демократияландыру  және
ізгілендіру процестері білім  мазмұнындағы жалпымәдени компоненттердің
басымдылықпен дамуына бағытталынуына негіз қалайды. Ендеше, халықтық
шығармалардың мәдени мүра ретіндегі білім мазмұнында да, тәрбие жүйесінде
де алатын орны ерекше.
Фольклортанушылардың  зерттеулеріне сүйене отырып, халық  ауыз
әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері ретінде біріншіден, белгілі авторының
болмауы, екіншіден, халықтық шығармалардың көпнұсқалығы, үшіншіден, дағдылы
сөз, сөйлемдер, сөз тіркестері, тұрақталған ұйқастардың жиі кездесетіндігі
көрсетілді.
Халықтық шығармаларды іздеп, жинап, зерттеу, бастыру ісімен
шұғылданған ғалымдар В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев, Ш.Уәлиханов, М.Көпеев
т.б. еңбектерінің, қазақ халық ауыз әдебиетін мәдени мұра ретінде игеру
және оның тарихын зерттеу мәселесіне қатысты М.Әуезов, М.Ғабдуллин,
Ә.Қоңыратбаев, Б.Адамбаев сынды әдебиетші-фольклористердің, ғалымдар
Ш.Ахметов, Ә.Табылдиев, К.Матыжановтардың қазақ балалар фольклорына
теориялық тұрғыдан қарастырудағы тұжырымдары зерттеу жұмысымыздың теориялық
негіздері ретінде алынды.
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Жарықбаев т.б.
еңбектері бойынша халық ауыз әдебиетінің оқушылардың сөйлеуін дамытудың
педагогикалық-психологиялық мәні айқындалды.
Ауыз әдебиеті үлгілерінің  педагогикалық мүмкіндіктері анықтал ды. Ойын
өлеңдері баланың тілін ширатып, байқампаздыққа, тапқырлыққа, ептілікке,
белсенділікке, зеректікке тәрбиелейді; санамақтар баланың сөздік қорын
молайтып, сөйлеуге, санауға, сан атауларын, ретін білдіруге үйретеді.
Жаңылтпаштар айтылуы қиын жеке дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға, сөз
мағынасын ажырата алуға, мүдірмей, шапшаң сөйлеуге үйретеді, тіл мүкістігін
түзетуге, сөйлеу мәнеріне жаттықтыруға септігін тигізеді; жұмбақтар баланың
ойлау қабілетін шыңдайды, танымын кеңейтеді; мақал-мәтелдер дүниетанымын
арттырады, өмірлік тәжірибеге үйретеді, ойын жинақтауға, ұтқыр, шешен
сөйлеуге тәрбиелейді. Ертегілер балалардың танымын, сөздік қорын молайтып,
қиялға шомдырады, жақсылық пен жамандықты айыра білуге, адамгершілікке,
ізгілікке, әсемдікке тәрбиелейді.[1]
Демек, халық ауыз әдебиеті – балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы.
Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын Отанын,
елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге,
париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат
жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін
ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады.
Жұмыстың мақсаты:
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін дамытуға,
қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге,
балаларды адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбекке баулу.
Жұмыстың міндеттері:
-Балалардың санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен
мақтаныш сезімін ұялату.
-Туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру. 
-Қиялдарын қанаттандыру. 
-Ұлттық рухты бойларына сіңіру. 
Объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар

І Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін халық ауыз әдебиеті арқылы
дамытудың теориялық негіздері
1.1 Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің мәні
Халық педагогикасының негізгі мақсаты-өзінің бай тарихи тәжірибесіне
сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, жанұя, ауыл-
аймақ, Отанның намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу
болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап ауыл
ақсақалдары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші, термеші
сияқты өнер адамдарының бәрі белсене 
қатысатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян.
Әсіресе, ақын, жырау, термешілердің өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының
мазмұнына ой жүгіртсек, онда дидактикалық ақыл-нақыл, өсиет-өнегенің тұнып
тұрғанын байқаймыз. Олар сол арқылы ненің жақсы, ненің жаман екенін
сездіріп, келер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып өсіруді
мақсат етті. Ал ақыл-ойға, терең тәлімге құрылған поэзиялық сөз маржанынан
ұлттық ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге
болады.
Педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда “бала” деп атап
жүрген жас жеткіншектердің өз  араларында үлкен өзгешеліктер бар. Бес
жастағы бала мен он жастағы баланың мінезі, ұғымы, дүниеге көзқарасы бірдей
еместігі мәлім. Соған орай балалар әдебиеті жас ерекшеліктеріне байланысты
бірнеше салаға бөлінеді. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың
жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға заман
талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталады.
Қазақ балалар әдебиеті көркемдік жағынан болсын, тақырыптық-тәрбиелік
жағынан болсын барлық талаптарға сай өсіп-өркендеп, дамып келеді.
Әдебиеттің басқа түрлеріне қарағанда балалар әдебиетінің өзіндік алғы
шарттары да жоқ емес. Балалардың ойлау, түсіну қабілеті суреттеліп отырған
оқиғаның, көркем образдың нақтылығы, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды
қажет етеді. Сөз болатын оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі
дүниесіне, ой-санасына бірдей әсер ететін мағыналығы болуы керек. “Сөз-
әдебиеттің құрылыс материалы” (Федин) болып табылатындықтан балалар
әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл әрі көркем, қысқа да мейлінше түсінікті,
айқын да дәл, әрі әсерлі болуға тиісті. Себебі балалар әдебиетінің тілі
олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін  бірден-бір құрал. Балаларға
арналған ірі туындылардың идеялық-эстетикалық қырларын халықтың
педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен, жазба
әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып
білгендерін болашақ мамандар тұжырымды түрде жеткізіп отырулары керек.[2]
Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір
саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен
бірге дамып, толысып келген ол Х1Х ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге
жетті. 1960-жылдардан бастап жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде
оқытыла бастады. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп-өркендеу жолы бұрынғы-
соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен қоғам дамуына байланысты
қарастырылады.
Балалар әдебиетінің көркемдік және идеялық сапасын көтеру, оны
өркендету мәселесі әсіресе типтік образдар арқылы көрсету міндеттерін үнемі
алға қоюда балалар әдебиетінің мектеп өмірімен, политехникалық оқумен
байланысын тәрбиелік мәнін күшейту еш уақытта назардан тыс қалып көрген
жоқ.
Жас нәрестеміз дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату,
тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек-мақсаттар қою өлеңмен, жырмен,
көркем сөзбен айтылған. Өйткені Адам – дүниені ұйымдастырушы, екінші
-жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам-жаратылыстың
органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған, міне,
балаларға осыны ұғындыру керек. Балалар алты – жеті жасынан ой-пікірдің
кереметей күшін түсіне бастауға, әлеуметтік көріністердің мағынасын ұғынып,
өз қасиеттерін тануға тиіс. Сондықтан балаларды өмірмен таныстырғанды,
бұрынғы өткен заман туралы еңбек процестерінің және ой – пікірдің
ұйымдастырған жұмысының бастапқы кезеңі туралы әңімелерден бастау керек, —
деген М. Горький. Демек, халық ауыз әдебиетінің пайда болуы, шығуы халықтың
балаларға арнап айтқан өлең, жыр, ертгілерден басталады.
Қазақ халқының ерте заманда жасалған мәдени мұрасының бір түрі –
халықтың ауыз әдебиеті болып саналады. Сонымен қатар балалар ауыз
әдебиетіндегі халық даналығы бар.
Ауыз әдебитін фольклор деп те атайды. Фольклор – ағылшын сөзі. Ол
халық творчествасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық
даналығы деген ұғымды береді. Фольклор дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде
бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылым саласын фольклористика деп
атайды.
Балалар ауыз әдебиетін жинау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас
өспірімдерге ұсыну тек ХІХ ғасардың екінші жартысынан былай қарай ғана
қолға алынды. Өйткені ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласында
ең бірінші рет жаңа типті орыс-қазақ мектептері ашыла бастауына байланысты
халық ағарту жұмысы мен шұғылданған педогогтар ең алдымен халық ауыз
әдебиетіндегі бала тәрбиелеуге арналған шығармаларды жинауға бет бұрды.
Олар балаларды оқытуға, тәрбиелеуге ең қажетті материалдар халық ауыз
әдебиетінен табылатынын анықтады.[3]
Әдебиеттің түрлі салалары жандануының жарқын мысалы – балалар
поэзиясы. Түп-тамырын халық шығармашылығынан, аса бай фольклорлық
мұралардан алатын балалар поэзиясы ХІХ ғасырда Абай шығармашылығындағы
ғибраттық өлеңдерден нәр алып, Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы қазақ
әдебиетінің жеке саласына айналған-ды. ХХ ғасыр басында да балалар ұғымына
лайықтап шығарма жазудың классикалық көркем үлгілерін С.Көбеев,
С.Торайғыров, С.Дөнентаев, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Б. Өтетілеуов сынды
суреткерлер танытты. Өкінішке орай, бұл саладағы ізденістер ауқымы кеңестік
идеологияның үстемдік алуымен біршама іркілгені де рас. Дегенмен, балалар
әдебиеті біржола тоқырауға ұшырап, мүлде құрдымға кетті деуге де бола
қоймас. Бір ғана Б.Майлиннің Хан күйеуі, Өтірікке бәйге, Байшұбар,
Кемпірдің ертегісі шығармаларының балалар дүниетанымын қалыптастырудағы
ролі теңдессіз. Мұндай мысалдарды Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров
шығармашылығынан да көптеп кездестіруге болады. 1920 жылдардың орта шенінен
бастап Пионер, Жас қайрат, Жаңа мектеп сияқты басылымдардың жарыққа
шыға бастауы балалар әдебиетіне өзіндік игі әсерін тигізбей қалған жоқ. Ал
олардың ресми идеологиялық ұстанымдарға иліктірілген мазмұны өз алдына жеке
мәселе.
Қазақ халқының балалар тәрбиесіне арнаған ауыз әдебиеті орасан зор
байлығымен талай әдебиетші-ғалымдардың, зерттеушілердің назарын аударып,
тамсантып жүр. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ауыз әдебиетін кең пайдаланды,
сол арқылы баланың тілін ширатып, ойын дамытып отырды.
Ұлттық балалар әдебиетінің мәйегі оның түп-тамыры ертедегі фольклорлық
мұраларда екені ғылыми дәлелденген. Ұрпақ тәрбиесіне, оның өсіп-жетілуіне
айрықша назар аударған ата-бабаларымыз да келер буынға арнап әр түрлі
тақырыпта, түрлі формада фольклорлық үлгілерді шығарған. Балалар
фольклорының мәңгілікке ұласар, көңілді иландырар ерекшелігінің бір қасиеті
– қабылдауға жеңіл, қиялға ұшқырлығында. Адамзат рухани дүниесінің кәусар
бұлағы саналатын ауыз әдебиетінің үлгілері – балалар әдебиетінің де алтын
діңгегі.

Кеңестік кезеңдегі балалар поэзиясында А.Тоқмағанбетов, Ө.Тұрманжанов,
Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Орманов, Д.Әбілев, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Қ.Аманжолов,
Қ.Бекхожин, Ж.Саин, Ж.Молдағалиевтердің де өз орны бар. Бұл қаламгерлер
бүкіл шығармашылығын балалар поэзиясына толығымен арнамаса да жеткіншектер
тақырыбын әрекідік жырлап, тіпті көлемді поэмалар да жазып отырды. Өзіндік
сыр-сипатымен, жазу мәнерімен танылған бұл толқынның сәтті ізденістерін сәл
кейінірек М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, Ә.Дүйсенбиев,
Ғ.Мүсірепов, Ж.Смақов, т.б. жалғастырды. Балалар әдебиетінің дербес әдеби
жанр есебінде есеюі мен оның тұрақты маман кадрларының жиналуы әрине, Ұлы
Отан соғысынан кейінгі мезгілге жатады. Балалар поэзиясының да кәсіби
дәрежеге көтерілгені – осы кез. Елуінші жылдардың бер жағында
М.Әлімбаевтің, Қ.Мырзалиевтің, Ә.Дүйсенбиевтің, оларға кейінірек қосылған
Ж.Кәрбозиннің, Т.Нұрмұхамедовтің, Ж.Смақовтың шығармалары кең тарады. Бұл
ақындар творчествосы балалар поэзиясының өзіндік ішкі сырларын терең
түсінуімен, оны ойдағыдай меңгеруімен ерекшеленеді. Олардың өлеңдері ой-
пікірдің нақтылығымен, бала сезіміне әсер етер сөз ойнақылығымен әсерлі
келеді. Осы негізде балаларға арналған үгіттік өлеңнің сарыны азайып, шын
балалар лирикасының мазмұны баюда. Бала еңбегі, оның ой-пікірі, әрекеті
көркем поэзия тілімен өрнектелуде, – деген академик С.Қирабаевтың пікірі
сол шақтағы балалар әдебиетінің даму тенденциясын анық аңғартады.[4]
Балалар үшін әдебиет тек қана рухани азық — базарлық болып қана
қоймай, рухани тәрбиеші де болса, қадірі арта түспек. Осы ыңғайда орыс
әдебиетінің, шетелдердің прогресшіл бағыттағы озық, ойлы әдебиетінің де игі
ықпалы болғанын атап айту жөн. Мәселен, Аркадий Гайдардың Мектеп, Тимур
және оның командасы, Николай Носовтың Көңілді семья, Витя Малеев
мектепте және үйде секілді шығармаларының әсері төл әдебиетіміздегі мектеп
өмірін өзек еткен әңгіме, повестерден аңғарылса, Жюль Верннің Капитан
Гранттың балалары, Он бес жасар капитан,  Даниэль Дефоның Робинзон
Крузо, Марк Твеннің Том Сойердің таңғажайып істері, Гекльбери Финнің
басынан кешкендері, Чарльз Диккенстің Оливер Твистің басынан кешкендері
тәрізді кітаптары әдебиетімізде қызықты хикаялар (приключение), фантастика
жанрларының тууына өзіндік себін тигізбеді деу қиын. Бұл арқылы әрине,
аталған шығармалардың айна қатесіз екінші бір нұсқасы, солардың сыңарындай
туындылар дүниеге келді деуден аулақпыз. Мәселе түйіні — көркемдік
дәстүрлердің әр ұлт әдебиетінде тармақтала жалғасын табуында.
Соңғы жылдардағы қазақ балалар әдебиетіндегі жанрлық-көркемдік жаңалықтар
дегенде де ең алдымен сол қызықты хикаялар (приключение), балалар
фантастикасы жанрларының дүниеге келуін айтамыз. Мәселен, жас фантаст
Рысбек Баймахановтың Шайтанқұмда жоғалған бала атты кітабындағы осы аттас
фантастикалық әңгімесінде туған жердегі құмда келе жатқан баланы аяқ
астынан құм жұтып қояды. Әрине, құмға ертегідегідей жан бітіп кеткен жоқ.
Бірақ сол бала аяқ басқан тұста құмның тұңғиық тартатын қасиеті бар. Мұның
бәрін автор балғын оқырманын сескендіру үшін әңгімелемейді,
қайта жаратылыстың осындай жұмбақ, құпия сырын ашуға ынталандырып,
батылдыққа баулу үшін суреттейді. Мамандығы физик, жас ғалым-фантаст Рысбек
Баймаханов ғылым жұмбағын, дәлірек айтсақ, ғылыми гипотезаны өзіндік ой,
позиция айту үшін ұтымды пайдалана білген.
Бұл ыңғайда фантастика саласындағы ізденістер Абдулхамид Мархабаевтың
Арал әуендері, Төлеш Сүлейменовтың Күн сынығы кітаптарынан да
аңғарылады.[5]
Қазақ балалар ауыз әдебиетін бірінші жинаған және оны ең бірінші рет
құрастырып, Қазақ хрестоматиясы, Мактубат атты кітаптарына енгізіп,
1879 жылы бастырып шығарған Ы. Алтынсарин еді. Төрт бөлімнен құрастырылғпн
осы кітаптың бірінші бөліміне өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелер
ертегілер енгізілген. Ы. Алтынсарин тек ауыз әдебиетін жинаушы болып қалған
жоқ, сонымен қатар ол қазақ балалар жазба әдебиетінің атасы болды. Осыдан
соң-ақ қазақ халқының алдыңғы қатардағы оқыған азаматтары, педагогтары
қазақ балалар ауыз әдебиетін жинаумен шұғылдана бастады. Осы тұста Спандияр
Көбеев 1910 жылы бастырып шығарған Үлгілі тәржіме және 1912 жылы бастырып
шығарған Үлгілі бала кітаптарына балалар ауыз әдебиетінен өлеңдер,
ертегілер және Қожанасыр әңгімелерін енгізген. Тайыр Жомартбаевтың 1912
жылы шыққан Балаларға жеміс деген кітабында да балаларға арналған
көптеген шығармалар кездеседі.
Халық ауыз әдебиеті негізінен ертеден халқымыздың қуанышы мен
күйінішін, жасаған тірлігін жазу-сызусызақ пайда болған дүние. Қазақ
халқының ерте заманда жасаған мәдени мұраларының бірі осы, халықтың ауыз
әдебиеті. Осы тарауды әуел бастан адамдар ауызекі айту күйінде тудырған.
Сол себепті де бұларды халықтың ауызша шығарған көркем жұмыстары,
шығармалары, әңгімелері, даналық сөздері деп те айтамыз. Ауыз әдебиетін
қалай алатын болсақ та, бұларды әрине , әуел бастан-ақ, бір жеке дара тұлға
ауызекі түрде шығарып, ауыздан ауызға тараған. Бірақ бізге көбінекей түп
нұсқасы жетпей,қаншама нұсқасы бізге әртүрлі болып жетеді. Осы тараудағы
шығармалардың халық арасындағы авторларының есімі қағаз бетіне
түспегендіктен, бізге дейін олардың есімдері жете алмай , хаты жетсе де аты
өледі.
  Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиясы
болмауы мүмкін емес- деп , В.Г.Белинский айтқандай, әр халықтың жазбаша
болмаса да, ауызекі түрде өз дүниелері, шығармалары болады. Ауыз әдебиеті
ерте замандардан қалыптасып келе жатыр. Оның қалай туғаның , қалай
қалыптасқанын әр ғалым әртүрлі айтады. Бәрі бірдей көзқараста болып, дұрыс
түсіндіре білмейді.Көпшілігі халықтың еңбегіне, кәсібіне, тіршілігіне  ,
өміріне, дамуына байланысты ауыз әдебиеті пайда болады деп тұжырымдайды.[6]
  Халық ауыз әдебиетінің негізгі тақырыптарына осы күнге дейін оқып, біліп
таныған жырларды, шешендік сөздерді, аңыз әңгімелерді жатқызуға болады.
Мақал-мәтелдерді әртүрлі адамның санасына алуан ой салатын аңыз әңгімелерді
, баталарды,кеуделері қақпақтай, жауырлары тақпақтай , елінің сүйеніштері,
тіректері, қолдарына найза ұстап, халқын жаудан қорғаған, қазақтың батыл
батырлары туралы жазып жырлаған халық арасындағы осындай ауыз екі тілде
болсың әңгімелерді, сол кездегі оқиғаларды, тарихымызды жеткізгені үшін
ризашылығымызды, разылығымызды білдіруіміз керек. Тағыда халық ауыз
әдебиетіне жұмбақтарды, шешендік сөздерді, айтысты жатқызуға болады. 
 Халық ауыз әдебиетіндегі әңгіме жырлардың басты ерекшелігі, бұл тарауда
өмірден тысқары қиял мен кереметтер айтылады.Ел арасында кеңінен таралңан
осы тарау, әртүрлі жанрда дамыған.Мысалға лирикалық жанр, эпостық жанр,
тағы басқалары.
Қазақ халқында дарынды ақындар көп болғанымен , олар аңыз әңгімелерін әр
адамға бірдей жеткізе білуде дарын деп ойлаймын.Ол заманда адамадардың
жаттау, есте сақтау қабілеті қазіргіден қарағанда шапшаңырақ болып
көрінеді, себебі ол кездері бір айтқаннан екінші адам өзгеге
жеткізетін.Сондықтан ,бізге осылайша ауыз әдебиетімізді де, жазба
әдебиетпен бірге қатар ұстап, дамытуымыз керек деп ойлаймын.[7]

1.2 Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлері
Фольклор – қазіргі тілмен айтқанда әмбебап, яғни синкретикалық өнер
түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері
шоғырланған. Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары,
жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде
сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңғиық сырына ойы
жете алмаған кезінде сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбағын шешсем, оны өз
игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетімен
бейнелеген. Адамның табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз
әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық өмірдің
ілгерілеуіне, адамның ой-санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына
терең болауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып,
дамып отырған. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе
жатқан рухани мұра екені Құламерген, Ер Төстік ертегілерінен айқын
танылады. Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлар
мен соған тәуелділер, кедей-кепшіктер арасындағы күрес, тартыс ауыз
әдебиетінің мұнан былайғы даму өрісінде кең қамтылған. Халық ауыз
әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында
қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен
сенген, соларды мадақтаған. Сондықтан, ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері
тек жақсы жағынан ғана суреттеледі, олар тамаша қасиеттері арқылы оқушыны
өзіне еліктіре біледі. Ауыз әдебиетінің түрлері Халық ауыз әдебиеті әр
салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық
жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлыө өрісін
танытады.[8]
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша,
ауызша рұқсаты қажет және Әдебиет порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар туралы заңымен қорғалады.
 Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз
әдебиеті. Жазу – сызу өнері болмаған кезде – ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс
тіршілігі, қоғамдық өмір, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік – идеялық нәрімен,
эстетикалық қуат – тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен,
тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық – әлеуметтік және тәрбиелік
терең мән – мазмұнымен ерекшеленеді.[9]
   Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра,
сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы
бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал – мәтелдері болсын,
жұмбақ – жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын
сүйюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. Балалар бақшасының
тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін
байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Қиял дүниесінен туған
ғажайып оқиғалы ертегілер, мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр
сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәріде
балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. Қазақ халқының тұрмыс –
салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті
үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда,
тіпті жазу – сызу болмаған кздің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні
бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.
          Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде адам
баласының еңбекке, тұрмыс – тіршілік жағдайына байланысты туған. Қазақ ауыз
әдебиеті нұсқаларыжас бөбектердің ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.
Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік
сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.[10]
         Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеудегі бағыттары:
-Имандылық пен адамгершілік
-Патриоттық
-Эстетикалық
-Табиғатқа деген сүйіспеншілік
-Өнер
-Ауыз әдебиетінің түрлері:
-Ертегілер
-Жұмбақтар
-Жаңылтпаштар
-Мақал – мәтелдер
-Тыйым сөздер
     Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры –
халық  прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем
проза. Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей
бірнеше жанрға бөлінеді:
 1)жануарлар-ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер,батырлықе ртегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
    Жұмбақ  – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау
мақсатында    нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын
әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл
жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген.
Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен
оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау
орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар
әдебиеті авторларының шығармылығында  Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі.
Сондықтан оны  тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.[11]
    Мақал – мәтел — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап,
түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында
пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық
бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең
мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде
кейде қара сөзбен де айтылады. 
Тыйым — тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, а қыл-кеңес берудегі тәрбие 
құралдарының  бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл,
әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. Ұлға отыз үйден
тыю, қызға қырық үйден тыю деген мақал осыған байланысты шыққан. Бүйірін
таяну –қайғының, жағын таяну — мұң-шердің, жүресінен отыру — әдепсіздіктің
белгісі деп танып, оған тыйым салған. Демек, тыйым — халықтық
педагогиканың құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте
көп.
 Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры.  Жаңылпаш  ойын-
сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі
сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері
адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан
құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-
сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде
де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-
жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі
мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке,
адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.[12]

ІІ Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін халық ауыз әдебиеті арқылы
дамытудың әдіснамалық негіздері
2.1 Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытып,
қалыптастырудың әдістері
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша
шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ
халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу
өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық
өмірі, шаруашылығы мен кәсіюі, қуанышы мен күйініші. Дүниетанудағы
көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер,
аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының
мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым
мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша
сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық
қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және
сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-
мазмұнымен ерекшеленеді. 
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай
асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі
заманымыздың ұлылығын танимыз. 
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын
– бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні
белгілі. 
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен
таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып
саналады.[13] 
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір
тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр
сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де
балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. 
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын
ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте
ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды
халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. 
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының
еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған. 
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz