«Зардап шеккендер бар»: Астанада жатақхана өртенді

0

Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді. Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан жатақханалардың бірінде өрт болды, деп хабарлайды Kznews.kz

Өрттен бөлмелер мен ғимараттың шатыры қызыл жалынға оранды.

«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Өртті сөндіру жұмысына ғимараттың жан жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда», — делінген хабарламада.