«Буынсыз адам» атанған Айдос Тоқтарбайдың неден көз жұмғаны белгілі болды

0

Жазушы Бейбіт Сарыбай “буынсыз адам” деп танылған цирк әртісі Айдос Тоқтарбайдың неден көз жұмғанын айтты.

“Цирк өнерінде қайталанбас трюктер жасап жүретін Айдос Тоқтарбай құрдасым өмірден озыпты. Өкінішті. Көрген адамның өзі қорқып отыратын қорқынышты трюк ажалына себепкер болыпты. Ақкөңіл, аңқылдаған қайран дос. Сен де көштің бе бұл жалғаннан?! Жаның жәннатта болсын, мейірімі шексіз Алла алдыңнан жарылқасын. Көрмеген көшеңнен қорықпа, бабаларың кеткен жақ. Туыстарына көңіл айтамын”, – деді жазушы.

Фото: instagram/aidos_toktarbai