Қазақстандық олигарх Машкевич Голощекиннің тікелей ұрпағы екені анықталды

0

Қоғам қайраткері және тарихшы Сағат Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты» жинағына сәйкес, қазақстандық олигарх Александр Машкевич Филипп Голощекиннің немере інісі болып табылады.

1933 жылдың 21 қаңтарына дейін өлкелік партия комитетінің хатшылығында қызметте отырған Голощекин тұсында қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр кезеңді бастан өткізді.

«Бай-кулактарды кәмпескелеу туралы» 1928 жылы 28 тамыздағы қаулы күштеп тәркілеуге ұласып, совет өкіметі ірі байлармен қатар орта шаруалардың малын да зорлықпен тартып алды.

Бұл советтік саяси науқан «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» дейтін ұранмен жүзеге асты.

1929 жылы Қазақстандағы мал басы 40 миллион болса, 1933 жылы 4 миллионға зорға жетті.