Шарлапаевтың Париждегі сапары: дастарханда – сары өрік пен шоколад

0

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жұмыс сапарымен Париж қаласында жүр. Ол осы сапары аясында бірқатар кездесулер өткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір екі ел арасында жалпы сомасы 574,6 миллион долларды құрайтын 8 жоба бар. Бұл жобалардың арқасында 1 936 жұмыс орны ашылған.

«Министр «УМЗ» АҚ мен «Orano Group» арасындағы жоғары байытылған уран материалын сұйылту туралы келісім жобасын талқылау үшін «Orano Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Француз тарапынан Атқару комитетінің мүшелері, бас директор, стратегия және даму, халықаралық қоғаммен байланыс директорлары болды. «Orano SA» – Францияның трансұлттық компаниясы және жаһандық ядролық отын айналымындағы салмағы басым компания. Ол уран өндіру, оны түрлендіру және байыту, ядролық отынды қайта өңдеу және ядролық логистикамен айналысады», — деп хабарлайды министрлік.

Айта кетейік, өнеркәсіп министрлігінің ресми сайтындағы суреттен сары өрік пен «Қазақстан» брендінің шоколадттарын байқауға болады.