Ұлытау облысында пойыз вагонында қоғамдық тәртіп бұзған азамат сот шешімімен жазаланды
Жаңаарқа аудандық сотында М-ға қатысты ұсақ бұзақылық (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) жасағаны үшін әкімшілік іс қаралды деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
▪️Іс материалдарына сәйкес, М. Астана-Жезқазған бағытындағы № 108 жолаушылар поезының № 20 вагонында Жаңаарқа станциясында мас күйінде болып, тамбурдың терезесін сындырған және жолаушылардың тыныштығын бұзып, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
▪️Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Куәлар Б мен К-ның айғақтары да құқық бұзушылықтың жасалғанын растады.
▪️ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұсақ бұзақылық үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамақ қарастырылған. Сот М.-ны кінәлі деп танып, оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
https://t.me/ulytaysud