«Мен әлі қыздаймын»: Баян Алагөзова екі жылдан кейін тағы бір бала туғым келеді дейді

0

Оның айтуынша, жолдасының биоматериалы дайын тұр

Танымал продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбеккке берген сұхбатында екі қызы суррогат ана арқылы дүниеге келгенін айтқан еді. Ол тек қыздардың анасы болғанда ғана бақытты екенін айтқан, деп хабарлайды Kznews.kz

«Қазір менің жасым елуде, балаларыма не беріп үлгеремін деп уайымдамаймын. Ұзақ жас пен денсаулық болса, балаларыма әлі көп дүние бере аламын. Олар мен сияқты ананың баласы болғанына бақытты болу керек деп ойлаймын. Тобырлық сана да жоқ менде. Менде міндетті түрде «ұрпақ жалғастыру үшін ұл тууым керек» деген таптаурын жоқ. Егер сен Лондонның патшасы, ханзада болсаң ұрпақ қалдыруыңа болады. Қазір шын ниетіммен айтып отырмын, тек қыздардың анасы болғаным үшін бақыттымын. Қазір оны түсіндіріп жеткізе алмаймын. Мен ұл тәрбиелей алмаймын. Баланың тәрбиесімен ең алдымен ана айналысады. Әкесі тәрбиеге қанша араласса да, анасы көп рөл атқарады», — дейді ол.

Баян Алагөзованың айтуынша, жолдасы Тұрсен Алагөзов екеуі 2 жылдан кейін тағы да бала сүюді армандап отыр.

«Бізде тағы бір бала бар. Екі жылдан кейін оны да дүниеге әкелеміз деп ойлаймын. Денсаулық болса, болғаны. Қазір мен өзімді жас қыздай сезінемін. 30 жастан кейін өзімді өзгердім деп айта алмаймын. Өмірді қабылдауым да, өзгесі де сол отыздағыдай», — дейді Баян Алагөзова.

Еске салсақ, танымал продюсер жуырда дүниеге келген екі қызын ЭКО арқылы суррогат ана өмірге әкелгенін айтты.