Кэтрин ханшайым химиотерапияны аяқтағаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты
Уэльс ханшайымы мен оның күйеуі аяқ астынан Саутпортқа келді, олар осы жылдың шілде айында қайғылы жағдайда қаза тапқан үш баланың отбасыларымен кездесті.
Бұл Кэтриннің химиотерапияны аяқтағаннан кейін көпшілік алдына бірінші рет шығуы еді.
Корольдің отбасына жақын дереккөздердің айтуынша, ол «жергілікті қоғамдастыққа өзінің қолдауын, жанашырлығын және адалдығын көрсету» үшін ханзада Уильямға қосылуды жөн көрген.
Елдің солтүстік-батыс жағалауындағы қалаға ханшайымның сапары тұрғындарға тосын сый болды.
Емін аяқтаған ханзада Уильямның әйелі бірте-бірте өзінің корольдік міндеттеріне оралуда және Саутпортқа сапары осы бағыттағы маңызды қадам болды.
Кэтрин «жақсы күндер мен жаман күндер» туралы айтты, ал Кенсингтон сарайы оның көпшілік алдында шығу кестесі соңғы минуттарда өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Корольдік ерлі-зайыптылар қайтыс болған 6-9 жас аралығындағы үш қыздың отбасымен бір жарым сағат әңгімелесіп, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен жүздесті.
Айта кетейік, қайғылы оқиға шілде айында 17 жастағы Аксель Рудакубананың Hart Space би клубындағы сабаққа пышақпен кіруі кезінде орын алған. Екі қыз оқиға орнында көз жұмды, 11 адам, оның ішінде 8 бала жарақат алды, тағы бір қыз кейін ауруханада көз жұмды.
Уэльсте туған және Ұлыбритания азаматтығын алған руандалық иммигранттардың ұлы Аксель қылмыс орнында ұсталды. Оған кісі өлтірді және өлтіруге оқталады деген айып тағылды.