Astana LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан Антикордың шақыртуына келген жоқ

0

Биыл шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талғат Арданды БАҚ арқылы жауап алуға шақырған еді. Бірақ аталған тұлға жауап беруге уақытында келмеген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Astana LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Біз Қылмыстық кодекстің 208 бабы және 205 бабының 1 бөліміне сәйкес Қазақстанға жауап алуға шақырдық. Олар келген жоқ. Қылмыстық іс жасаған дәлелдері толықтай табылды. Қылмыстық іс 19 қыркүйекте сотқа жолданды», — деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Антикор өкілі аталған тұлғаға қатысты істің сотқа жолданып, тиісті шешім қабылданатынын айтты. Одан бөлек, белгілі болғандай Талған Ардан Қазақстан аумағында емес.

Өткен жылы мамырда елордада салынбай қалған Astana LRT құрылысына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Сот үкімімен Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков 7 жылға сотталды.

Бас прокуратура Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековті іздеу жұмысының тоқтамайтынын айтты.

Еске сала кетсек, биыл тамызда Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Арданға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі болды.