Алматыда экс-судья ұсталды

0

Әлеуметтік желіде Медеу аудандық сотының экс-судьясы Светлана Жолманова ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі Алматы қаласының Полиция департаменті растады.

Полиция мәліметіне сәйкес, оның үстінен алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

— Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 2021 жылы алматылық судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын.

Биыл 22 ақпандағы Президенті Жарлығымен ел өңірлерінде сот төрағалары мен судьялар тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сот ісін жеңілдетуге қатысты ұсыныс айтқанын жазғанбыз.

Ал Жоғарғы сот төрағасы судьялар дербестігінде жаңа реформалар ерекше әсереткенін айтты.