Әлеуметтік желіде Астанада ағашпен жамалған LRT тірегінің фотосы тарады
Әлеуметтік желіде Астанадағы LRT тірегінің ағашпен жамалған фотоны тарады. Оны «Астана – Не? Қайда? Қашан?» телеграм-арнасы жариялады.
«City Transportation Systems» өкілдері осы жағдайға байланысты түсініктеме берді.
«LRT құрылысы учаскесінде (Ш. Қалдаяқов пен К. Қуанышбеков көшелерінің қиылысында, 114-115 учаскелер аралығында, NR14 тірегінде) монолитті арқалықтардың ішкі жағын бетондау үшін шегендеп бекіту орнатылған. Бұл процесс тростардың алдын ала керілуінен кейін жүзеге асырылған. Қазір бетондау жұмыстары аяқталды. Шегендеп бекіту алып тасталды», – делінген ресми хабарламада.
фото: «Астана – Не? Қайда? Қашан?» телеграм-арнасы