Мақпал Жүнісова жерлестеріне көңіл айтты

0

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде туған жеріндегі алапат өртке алаңдаушылық білдіріп, жерлестеріне көңіл айтты.

«Туған жерімізде өрт болып жатыр екен. Егіндібұлақ, Шөптікөл халқына Алла жар болсын, марқұм болған бауырымыздың отбасына қайғырып көңіл айтамын, иманы саламат болсын. Алла жәрдемші болсын, видеоны көріп, көңіл бұзылды”, — деп жазды әнші.