Жеке тұлғаның құқығы қорғалды
Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында медициналық-әлеуметтік қорытындыны заңсыз танып, қайта куәландыруды міндеттеу туралы әкімшілік іс қаралды.
▪️Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында талап қоюшы Ж. тарапынан Ұлытау облысының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаментіне қойылған әкімшілік іс қаралды.
▪️Талап қоюшы медициналық-әлеуметтік қорытындыны заңсыз танып, күшін жоюды және қайта куәландыруды талап етті.
▪️Істің мәні бойынша, сот тыңдауы барысында дыбыс және бейне жазба арқылы анықталғандай, алғашқы куәландыруда талап қоюшы мен жұмыс берушінің өкілі қатысқан, алайда қорытындыны талқылаудан бұрын талап қоюшы кабинеттен шығарылып, жұмыс берушінің өкілі талқылау аяқталғанша ішінде қалған.
▪️Бұл жағдай жауапкердің медициналық-әлеуметтік зерттеудің нәтижелерін алқалы талқылаудың құпиялылығын қамтамасыз етпей, әкімшілік рәсімдердің қағидаттарын бұзуына алып келді.
▪️Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдер кодексінің 6-бабының 4-бөліміне сәйкес, әкімшілік рәсімдердің қағидаттарының бұзылуы олардың заңдылығына күмән туғызып, бұзылуына негіз болып табылады.
▪️Соттың шешімімен талап қоюшының арызы қанағаттандырылып, медициналық-әлеуметтік қорытынды заңсыз деп танылып, жауапкерге қайта куәландыру міндеті жүктелді.
▪️Сонымен қатар, жауапкер алқалылық, құпиялылық, заңдылық қағидаттарын бұзғандықтан, сот жеке ұйғарым шығарды.
▪️Сот шешімі мен жеке ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
https://t.me/ulytaysud