Ангелина Лукас бокстан әлем чемпионы атанды

0

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкок қаласында (Таиланд) өткен бокс кешінде жұдырықтасып, әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) жұдырықтасты. Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелді. Кездесу төрешілердің ұйғарымымен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Ангелина биыл WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған еді.