АЭС құрылысы бойынша референдум: еліміздегі азаматтар дауыс беруге кірісті
Тізімге 12 млн 244 мың 683 азамат енгізілді.
Бүгін елімізде АЭС құрылысына қатысты референдум өтіп жатыр. Сағат 7.00-де дауыс беру учаскелері ашылды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірде барлық 10 249 учаске дауыс беруге кірісті.
84 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.
фото,ақпарат: aikyn.kz