Танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден озды

0

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева 63 жасында дүниеден озды.

Қаралы хабармен марқұм әншінің жерлесі, журналист Оралхан Дәуіт Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

«Қайран, Гүлнәр әпке… Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз.Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз…Алла Тағалам о дүниеңізді берсін. Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды», делінген жазбада.