«Төрт баламда төрт пәтер бар»: Айқын Төлепберген қандай әке екенін ашып айтты

0

Қазақстандық танымал әнші Айқын Төлепберген бүгінде екі некесінде туған балаларымен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты. Өнер иесі олардың өміріне, тәрбиесіне барынша көңіл бөлетінін жасырмады. Оған қоса жұлдыз әке олардың материалдық жағдайын да ойластырып қойған, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Айқын Төлепберген жақсы күйеуі бола алмаса да, жақсы әке болу үшін барын салып жүргенін жеткізді. Эстрада жұлдызы бүгінде төрт перзентіне де көңіл бөліп жүргенін айтты. Оның үстіне өнер иесі төрт баласына төрт пәтер алып берген. «Мен жақсы күйеу емес шығармын, бірақ жақсы әкемін. Оны балаларыммен қарым-қатынасымнан-ақ байқауға болады. Бүгінде төрт балама төрт пәтер алып қойдым. Өлімнің бары рас, көзім кеткенде балаларымның ешкімге жалтақтап өспегенін қалаймын. Қазір балаларымның қандай киім киіп жүргеніне дейін біліп отырамын. Мектептегі үлгерімі мен қандай үйірмелерге жазылғанынан да хабардармын. Балаларым бірі-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатыр», – деді Айқын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында.