«Әйелдердің дәуірі келді»: Мексиканың тұңғыш әйел президенті ресми түрде жұмысқа кірісті

0

Ол уақыт өзгерістеріне тоқталып, жаңа уәде берді. Клаудия Шейнбаум ресми түрде Мексика президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды Kznews.kz 

Шейнбаум — Мексика республиканың 200 жылдан астам тарихындағы алғашқы әйел президент. Ол 2 маусымда президенттік сайлауда жеңіске жетті. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 1 қазанда Мехико қаласындағы Сан-Лазаро заң шығару сарайында өтті.

Инаугурация кезінде ол әйелдердің құқықтарын нығайтуға және Мексика Латын Америкасындағы екінші ірі экономиканың халықаралық инвестициялар үшін сенімді орны болатынын айтты.

«Өзгеріс уақыты, әйелдердің дәуірі келді. Мен ана, әже, ғалым және әйелмін, ал бүгінгі күннен бастап Мексика халқының қалауымен президент болдым», — деді ол.