Болат Өтемұратов иелік ететін банк RBK BANK пен Еуразиялық банкті сатып алуға ниетті
ForteBank RBK BANK пен Еуразиялық банкті сатып алу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Toppress.
«Ресейлік «Банкста» телеграм-арнасының ақпаратына сәйкес, due diligence процесі басталып, бағасы бойынша алдын ала ұсыныстар жасалды», – делінген хабарламада.
Егер мәміле жасалса, бұл ForteBank-ке Halyk Bank және Kaspi Bank- пен қатар Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіре отырып, нарықтағы өз позициясын едәуір нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
фото: nege.kz