“Қыздарды құшақтап, аймалайды”: Астанада мұғалім 7 сынып оқушыларына педофильдік әрекет жасаған (ВИДЕО)

0
Сабақтан соң жиналыс болады деп қыздарды құшақтап, аймалайтын көрінеді.

Астанадағы №32 мектептің мұғалімі жетінші сынып оқушысына тиіскен. Бұл туралы ақпарат желіде тарады. Ата-аналар білім ордасына келіп, басшылықтан педагогты жауапқа тартуды талап еткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Басшылықтың айтуынша, мұғалім жұмысқа конкурс бойынша қабылданған. Ер адам 1981 жылы туған. Ол 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап мектепте сынақ мерзімінде жұмыс істеген.

Мәліметтерге сенсек, оқушы қыз ата-анасына сынып жетекшісінің оған тиіскенін және WhatsApp арқылы түнде жазатынын айтқан. Сабақтан соң жиналыс болады деп қыздарды құшақтап, аймалайтын көрінеді.

“Егер… Жаман ойлап қал ма? Сен, түсініп тұрсың ғой, иә. Мен сенікі, ал сен мендік боласың. Жақсы ма? Мұны барлық мағынада айтып тұрмын”, – деп мұғалім оқушы қызға хабарлама жіберген.

Мектеп директоры аталмыш оқиғадан кейін мұғалімді жедел түрде жұмыстан шығарып, басқа оқу орнына орналасуына мүмкіндік берген.

Осылайша 30 қыркүйекте мектептің тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша педагог ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 14-тармағы «Тәрбиелік қызметтерді атқаратын қызметкердің осы жұмысты жалғастыруға жарамсыз моральдық теріс қылық жасауы» бойынша жұмыстан шығарылды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта қала полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын, тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.