Қазақстан мен Қырғызстан жүргізушілері жаппай төбелес шығарды
«Менің қалам» басылымының мәліметінше, 1 қазанға қараған түні жүргізушілер өткізу пунктінде жанжал шығарған. Қақтығысқа кейбір жүргізушілердің шекарадан өту кезінде кезекті сақтамауы себеп болған. Бұл ақпаратты БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
30 қыркүйекте Самара-Шымкент тасжолында кезек сақталмауына байланысты жүк көліктерінің жүргізушілері арасында болған жанжалға қатысты тергеу басталды, — делінген облыстық ПД мәлімдемесінде.
фото: kms-logistic.com