“Мемлекет міндетті емес” — Алагөзова бала туып, мемлекеттен көмек күтетіндерді сынға алды

0

Продюсер Баян Мақсатқызы әйелдерге арналған форумда бала туып, мемлекеттен көмек сұрайтын әйелдерді сынға алды.

«Мемлекет бізге көмектеспейді дейтін әйелдерді түсінбеймін. Бала туарда мемлекет көмектеседі деп тудыңыз ба? Мемлекет міндетті емес. Бала туарда осы баланы баға аламын ба деп ойланған жөн. Мысалы, өзім үлкен қызымды туған соң, 2 айдан соң жұмысқа шығып кеттім. Ал кіші қызымды босанған соң, 20 күннен кейін жұмысқа шықтым. Себебі қазір жұмысқа шықпасам, елеусіз қалып, ұмытылатынымды білдім. Телеарнаға ешкім шақырмас еді. Қыздарымның мектептегі жиналысына, басқа да жерлерге баратын уақытым болмады. Есесіне олардың сапалы білім алуына барлық жағдайды жасадым. Мен ең бірінші өзімді ойладым. Бала үшін барымды беруге тиіспін, бала үшін өзімді құрбан етуім керек дейтін аяныш тудыратын сезімдердің керегі жоқ. Баламен таңнан кешке дейін бірге отырсам, жақсы шеше болғаным деп ойлайтындар бар. Алайда баланың қасында отырып, оған не үйреттің?  Мәселе осында», — дейді ол.

фото: ашықдереккөз