Мәулітте қазақша сүре оқығандар жұртты таңғалдырды
ТикТок әлеуметтік желісінде арабша сүрені қазақ тілінде әндетіп оқыған қауымның видеосы тарады деп жазады Kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
Жайылған дастарқанға жайғасқан кісілер Мәуліткен жиналған қауым екен. Мәуліт қазақ тілінде оқылып, Пайғамбарға осылайша құрмет көрсетілуде екен.
«12-ші күн Раббиул уәл деген айда, түн ішінде жарық болды пайда. Жер мен көк арасынан ту тігілді, білгізген тігілгенін құдіретті Алла» деп келетін сүре қазақ тілінде, арабша құран оқу мақамында айтылған.
Бұл видеоға қатысты көрерменнің пікірі екіге жарылды. «Сүре тек арабша оқылуға тиіс», «бұл бидғат», «күнә болады» дескендер мен «өте дұрыс, өз тілімізде оқылса, жұрт та түсінеді», «қазақша пайғамбарға құрмет көрсетілуде» дегендер таңданысын жасыра алмады.