“Мектептерді ұрланған “харам” ақшаға салдық” — Балғынбек Имашев ел күтпеген ащы шындықтарды жайып салды

0

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев әлеуметтік желіде елдегі өзекті мәселелерді қозғап, өз ойын ортаға салды.

«Бізде АЭС салатындай экономикалық күш те, қуат та жоқ қой. Мектептің өзін “ұрланған” харам ақшаға сап, адал ұрпақ өсірем деп қиялдап отырмыз ғой. Біз ЛРТ саламыз деп ұятқа қалған ұлтпыз ғой. Абу Даби деген ең биік ғимаратымызды үш жылға жоспарлап, оның ондаған қабатын “жеп” (әуелгі жоспарда қазіргіден биік болуы тиіс болған), он жылға созған елміз ғой. Біздің 30 жыл салған зауыттарымыз “кардонный домиктар” ғой. Біз көктемде еріген қарға, жаздағы өртке, күздегі қоймада жарылған қару-жараққа, қыстағы 20 мың террористке жауап бере алмаймыз ғой. Ең қуатты Ұлыбританияда АЭС-тің құрылысы он жылға созылып, қаржысы он есе ұлғайып, бастағанын әлі бітіре алмай жатыр. Көтеніміз жылтырап, біз де “Қуатты Қазақстан” деп қоймаймыз…

Төртіншіден, экология! Таза, қауіпсіз деген бос сөз! Балхаш көлін өз қолымызбен құртып жатырмыз. Енді ол “Туран” сияқты таза су емес, уранның арқасында у болады.

Бесіншіден, референдум! Бұл халыққа берген таңдау емес! Бұл өздері жасаған шешімдерінің жауапкершілігін халыққа ысыру! “Арғы жағын айтпаймын,ішің білсін, әлу-ай!” Қорыққаннан емес, азар кетсе басым кетер, немесе істі қылатын “айыбымды” табар, “вахабис” қылар. Гиннес рекордын жасағандардан жаным аяулы емес. Айтпайтыным, бүлікті қаламаймын. Жеріміз тыныш, еліміз аман болсыншы! Биліктегі былыққа, Балқаштағы балыққа емес, жауапкершілікті өзіне алған халыққа жаным ашиды…», — деді ақын.

фото: ашықдереккөз